Қала құрамына кірген Шөлдала тұрғындарының тұрмыстық техникасы жарамсыз болып қалды
Қала құрамына кірген Шөлдала тұрғындарының тұрмыстық техникасы жарамсыз болып қалды
Фото: atpress.kz
286
оқылды
Тараз іргесіндегі аудан тұрғындарының тұрмыстық техникасы жарамсыз болып қалды, – деп хабарлайды AstanaTV. Тараз қаласына қарасты Шөлдала шағын ауданының тұрғындары үшінші күн жарықсыз отыр. Халық тұрмыстық техникаларының түгел күйіп кеткеніне ашулы. Жел тұрып, жауын жауса, электр жарығы өшіп қалады. Шөлдала шағын ауданы осыдан 10 жыл бұрын қаланың құрамына кірген. Бірақ шешім таппаған мәселелер шаш етектен. Электр жарығы қаладан емес, теміржол желісінен тартылған екен.
Тараз қаласының тұрғыны Рахия Тұрғынбаева: «Автомат кір жуғыш машина кетті. Лампалар, телевизор кетті. Есептеуіш күйіп кетті, 2 күн болды ауыстырғаныма, қайта күйіп кетті. Не істей береміз? Қайдан бұл? Кім бұған жауап беретін, адам бар ма, жоқ па? Енді не қыламыз? Міне қара түнекте отырмыз бір қора бала-шаға. Бәрі қорқып үрейде отыр», – дейді.
Ал шенеуніктер апаттың себебін анықтауға уәде етті.
Тараз қаласы әкімінің орынбасары Жайықбай Шалдаров: «Біз бірінші анықтаймыз. Мамандар бізге қазір анық-қанығын жеткізіп береді. Осы ауылда жүргізіліп қойған электр желісіне абоненттеу жүргіземіз. Есептеуіш, линия қосылады», – деді.
Жарамсыз болып қалған тұрмыстық техникалардың өтемақысын төлеу үшін арнайы топ құрылмақ.   https://youtu.be/zjBii3F89tU