Мұхтар Ерман қызметке тағайындалды
Мұхтар Ерман қызметке тағайындалды
Фото: otyrar.kz
502
оқылды
Мәжілістің жалпы отырысында Мұхтар Ерман Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды inform.kz. «Конституцияның 57 және 58-баптарына сәйкес, палата төрағасының ұсынуымен Парламенттің әр палатасы Орталық сайлау комиссиясының 2 мүшесін тағайындайды. Осыған байланысты бұл қызметке әріптесіміз Мұхтар Ерманның кандидатурасын ұсынып отырмыз», – деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов. Ерман Мұхтар 1963 жылы қазіргі Түркістан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Мәжілістегі «Нұр Отан» (қазіргі AMANAT - ред.) партиясы фракциясы аппаратының басшысы, алтыншы, жетінші сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты болды. «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «10 жыл Астана» медальдарымен марапатталған.