Доллар бағасы 12 теңгеге төмендеді
Доллар бағасы 12 теңгеге төмендеді
357
оқылды
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы да төмендеді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлады.  Таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 12 теңгеге төмендеп, 457 теңгеге тең болды. Ұлттық банк 30 наурызға белгілеген ресми доллар бағамы – 471,30 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы – 455,49 теңге, сатылым – 460,69 теңге. Нұр-Сұлтанда валютаны орта есеппен 451,19 теңгеден сатып алады, 457,30 теңгеден сатып жатыр.