Қазақстанда алдағы екі-үш күнде ауа температурасы 23 градусқа дейін көтеріледі
Қазақстанда алдағы екі-үш күнде ауа температурасы 23 градусқа дейін көтеріледі
Фото: yk-news.kz
265
оқылды
«Қазгидромет» 31 наурыз бен 2 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Солтүстікте ауа райына Батыс антициклоны әсер етеді. Республиканың шеткі батыс және солтүстік өңірлерін қоспағанда, жауын-шашын тоқтайды. Сондай-ақ келетін антициклон әсерінен еліміздің барлық аумағында ауа температурасының көтеріледі. Күндіз батыста термометрлер +10 +20 градусқа дейін, солтүстік пен шығыста +5 +13 градусқа дейін, ал оңтүстікте +15 +23 градусқа дейін жетеді.