Тоқаев үш мемлекетке елші тағайындады
Тоқаев үш мемлекетке елші тағайындады
Фото: liter.kz
162
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үш мемлекетке елші тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Мемлекет басшысының жарлығымен Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды. Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды. Алмат Дәкібайұлы Айдарбеков Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.