Ақмола облысында бір үйде алты адам иіс тиіп уланып қалды
Ақмола облысында бір үйде алты адам иіс тиіп уланып қалды
199
оқылды
Ақмола облысында бір үйде алты адам иіс тиіп ауруханаға түсті, оның бесеуі бала, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
  "Наурыздың 29 күні түнгі сағат 22:35 шамасында Нұр-Сұлтан қаласындағы Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығынан Ақмола облысының ТЖД Дағдарыстық жағдайларды басқару орталығына Целиноград ауданының Қызылжар ауылында алты адам иістен уланғаны (оның ішінде бес бала) туралы телефон арқылы хабарланды. Олардың барлығы сағат 23:00 иістен улану белгісімен Нұр-Сұлтан қалалық көпбейінді ауруханасына жатқызылды. Қазіргі кезде зардап шеккендердің жағдайы тұрақты",-деді ведомстводан.
ТЖД баспасөз қызметінен атап өткендей, қатты желден жеке тұрғын үйдегі пештің мұржасы құлаған. Соның салдарынан иіс шығып, үйдегі адамдар уланып қалған.