«Кредитті қалай алдың, солай төле» – Жәмішев «Қазақстан халқынан» қаржы сұрайтындарға жауап берді

«Кредитті қалай алдың, солай төле» – Жәмішев «Қазақстан халқынан» қаржы сұрайтындарға жауап берді
Фото: kapital.kz

«Қазақстан халқына» қорының басшысы Болат Жәмішевтің Мәжіліс депутаты Ирина Смирнованың Facebook-тағы парақшасында жүргізілген тікелей эфирде қордан баспана сатып алу, кредит, қарызын жабу үшін қаржы сұрайтындарға жауап берді.

Болат Жәмішев Қазақстан азаматтарынан қорға электронды форматта 35 930 өтініш келіп түскенін айта келе, оның 35 148-і тексерілгеніне тоқталды.

Сонымен қатар «кредитті төлеп берсін» деген талаптың көптігін де айтты.

«Кредитті төлеп берсін» деген талаппен өтініш жазатындар өте көп. Құрметті азаматтар, кредитті алдың ба, несиені солай төле. Басқа айтар сөзім жоқ», – деді ол.

Сондай-ақ ол «Қазақстан халқына» қоры баспанамен қамту, тұрғын үй мәселесін шешпейтінін тағы да  шегелеп айтты.

Биыл балалардың денсаулығы, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Қазақстан халқына» қоры құрылып, оған бай-бағландар қаржы аударған болатын.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.