AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Елтаңба авторын мерейтойымен құттықтады
AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Елтаңба авторын мерейтойымен құттықтады
Фото: Асхат Ораловтың Facebook-тағы парақшасынан алынды
535
оқылды
Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміздің қабылданғанына биыл – 30 жыл. Сонымен қатар, қазақтың көрнекті сәулетшісі, еліміздің басты рәміздерінің бірі – Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібекұлы жақында ғана 80 жасқа толды. Бұл туралы AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Facebook-тағы парақшасында жазды.  width= «Осы орайда бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Мемлекеттік рәміздер және ұлт архитектурасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Еліміздің сәулет өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар Жандарбек ағаны мерейлі жасымен арнайы барып құттықтадым. Әрбір мемлекеттің рәмізі оның дүниетанымы, арман-мақсаты, философиясы мен қағидаты десек, бұл тұрғыда Жандарбек аға халқымыздың салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін, жалпыұлттық құндылықтарымызды елдігіміздің арқауы – Елтаңбамызда айшықтай білді деп ойлаймын. Елдік іске елеулі еңбек сіңірген Жандарбек ағаны кейінгі буын біздер үлгі тұтамыз. Бітім-болмысынан қазақ даласының дархандығы мен даналығы, бекзаттығы мен еркіндігі есіп тұратын ағамызға мықты денсаулық, сарқылмас қуат, ұзақ өмір және толайым табыс тілеймін!» – деп жазды Асхат Оралов.