Амангелді ауданында иіс тиіп, 3 қыз бала көз жұмды, – деп хабарлады «ТоболИнфо».
Қайғылы оқиға 31 наурызда Амангелді ауданының Амангелді ауылында болды.
Куәгерлердің айтуынша, 10, 5 және 3 жасар қыз балалар үйде жалғыз қалған. Алдын ала мәлімет бойынша олар газдан уланып қалған.
Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті балалардың қайтыс болғанын растады және оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы кейінірек хабарланады.