Қаржылық мониторинг агенттігінде бірқатар кадрлық тағайындау болды, – деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановтың бұйрығымен Президент Әкімшілігімен келісе отырып, өңірлік Экономикалық тергеу департаменттерінің жетекшісі лауазымына тағайындалды:
- Данияр Мейрамұлы Ақжанов – Алматы қаласы;
- Нұржан Нығметұлы Ысмағұлов – Алматы облысы;
- Айдын Қапарұлы Молдабеков – Шығыс Қазақстан облысы;
- Нұрлан Жолжақсынұлы Қанағатов – Солтүстік Қазақстан облысы.