Путиннің айналасындағылар оған шындықты айтудан қорқады - барлау қызметі
Путиннің айналасындағылар оған шындықты айтудан қорқады - барлау қызметі
© delfi.lt
120
оқылды
АҚШ пен Еуропа барлаушыларының сөзінше, Кремль басшысына айналасындағылар қорыққандықтан Украинадағы әскердің жағдайымен бірге, ел экономикасының санкциялардан қалай теңселіп жатқанын да дұрыс хабарламай отыр, – деп жазады BBC орыс қызметі.  Ақ үй мен еуропалық барлаушылардың мәлімдеуінше, Ресей президенті Владимир Путинге кеңесшілері Украинадағы соғыстың қаншалықты нашар жүріп жатқанын және батыс санкцияларының ел экономикасына қандай зиян келтіргенін айтудан қорыққан. Ресейдің көршісіне ақпанның 24-де бастаған шабуылдары көптеген майдандарда украиндық күштердің қайсарлықпен көрсеткен қарсылығы нәтижесінде тоқтатылды.
"Бізде Путинді ресейлік әскерилердің адастырғаны туралы ақпарат бар, Осының салдарынан Путин мен армия қолбасшылығы арасында үнемі шиеленіс болып тұрады. Путинге кеңесшілері Ресей қарулы күштерінің қаншалықты нашар жұмыс істеп жатқаны және Ресей экономикасының санкциялардан қалай күйзеліске ұшырағаны жайлы қате ақпарат беріп жатыр деп санаймыз. Өйткені оның аға кеңесшілері президентке шындықты айтудан қорқады. Ал АҚШ бұл ақпаратты басқыншылықтың Ресей үшін стратегиялық қателік екенін көрсету үшін жариялап отыр", – деді Ақ үйдің Коммуникациялар жөніндегі директоры Кейт Бедингфилд брифингте.
Кремль бұл мәлімдемеге қатысты әзірге түсініктеме бермеді. Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Украинадағы соғыс тек басы деп атап өтіп, Ресей президенті Владимир Путиннің түпкі мақсаты қандай екенін айтқан болатын.