Алматыда такси жүргізушісін пышақтап, көлігін тартып алған үш ер адам ұсталды – видео
Алматыда такси жүргізушісін пышақтап, көлігін тартып алған үш ер адам ұсталды – видео
Фото: polisia.kz
222
оқылды
Алматы қаласында такси жүргізушісіне шабуыл жасаған үш ер адам ұсталды, – деп жазады Polisia.kz. Оқиға осыдан екі апта бұрын Түрксіб ауданында болған.
«Үш ер адам бизнес-кластағы таксиге тапсырыс беріп, жүргізушіден оларды әуежайға жеткізіп тастауын сұраған. Бірақ жолда жолаушылар такси жүргізушісін пышақтап, оның Toyota Camry көлігін иемденген. Полицейлер күдіктілерді ұстап, қамауға алды. Toyota Camry көлігін иесіне қайтарды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
https://youtu.be/uxli9y2hXQU Ұсталғандар 1993, 1998 және 2000 жылы туған Алматы облысы Талғар ауданының тұрғындары екені анықталды.