Инфляция 12 пайызға өсті
Инфляция 12 пайызға өсті
Ұлттық статистика бюросы елдегі инфляция деңгейі өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға дейін өскенін хабарлады. Бюро мәліметінше, 2021 жыл­ғы наурызда инфляция деңгейі 8,7 пайыз болған. Ал 2022 жылғы наурыздың аяғында ол 12 пайызға дейін өскен. «2022 жылғы наурызда тұтыну бағаларының индексі өткен аймен салыстырғанда 103,7 пайыз болды. Азық-түлік тауарлары 5,8 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 2,8 пайызға, ақылы қызметтер бағасы 1,4 пайызға өсті», – делінген бюро таратқан мәліметте. Жалпы жыл басынан бері тұ­ты­ну тауарлары мен қызметтерге баға мен тарифтер 5,2 пайызға өскен екен. Тек азық-түлік тауарларының құны 8,2 пайызға дейін шарықтаған.