Ұлттық статистика бюросы елдегі инфляция деңгейі өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға дейін өскенін хабарлады.
Бюро мәліметінше, 2021 жылғы наурызда инфляция деңгейі 8,7 пайыз болған. Ал 2022 жылғы наурыздың аяғында ол 12 пайызға дейін өскен.
«2022 жылғы наурызда тұтыну бағаларының индексі өткен аймен салыстырғанда 103,7 пайыз болды. Азық-түлік тауарлары 5,8 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 2,8 пайызға, ақылы қызметтер бағасы 1,4 пайызға өсті», – делінген бюро таратқан мәліметте.
Жалпы жыл басынан бері тұтыну тауарлары мен қызметтерге баға мен тарифтер 5,2 пайызға өскен екен. Тек азық-түлік тауарларының құны 8,2 пайызға дейін шарықтаған.