«AMANAT» партиясы Атырау облыстың филиалының мобильді тобы Индер ауданының Көктоғай ауылында болып, қоғамдық қабылдау өткізді.
Ауыл тұрғындары жол мәселесі, балабақша, өнер мектебі, сонымен қатар ерекше балалар үшін логопед, дефектолог мамандары қызметінің қажеттігіне назар аудартты. Мобильді топ жұмысына облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, облыстық партия филиалының өкілдері және аудан әкімінің орынбасары мен ауылдық округ әкімі қатысты. Тұрғындар тарапынан көтерілген сұрақтардың бәріне тыңғылықты жауап берілді. Ал кейбір мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетіні жеткізілді.