Цифрлық әлемнің ізашары
Цифрлық әлемнің ізашары
670
оқылды
Жыл сайын адамзат баласы түрлі дереккөзден сан қилы ақпарат алады. Сәйкесінше, оларды сақтаудың көле­мі терабайттан пента­байт­тарға дейін ұлғайды. Бүгінде дәл осындай үлкен көлемдегі ма­териалдарды жинау, өңдеу және сақтау үшін арнайы IT кешендер немесе дата орталықтары бар. Қазір әлемдегі дерек өңдеу орта­лық­тары дамудың даңғылына түсті. Қазақ­станда «Логиком» акцио­нерлік қоғамы дәл осы салаға тыңнан түрен салып, оның көшбасшысы атанды. Биыл компанияның құрылға­нына 30 жыл толды. Осы жылдар ішінде LOGYCOM сауда маркасы ең ірі отандық IT өнімдерін өндіруші атанып үлгерді. Ком­панияның өндірістік базасы ұя­шықты өндірістік-қойма кешені мен жылдық қуаты 600 мыңнан астам дербес компьютер болатын конвейерлік желісі бар цехтан тұрады. Мұнда деректерді өңдеу орталықтарының құрылысын ерекше атап өткен жөн. Себебі бұл орталықтар шын мәнінде IT сала­сының дамуының баста­уында тұр. Ақпарат ағынының ұлғаюы, «Цифрлық Қазақстан» мемле­кет­тік бағдарламасы мен электрондық құжат айналымы жүйелерінің таралуы дата орта­лықтардың да­муының драйвері саналады. Бү­гінде компанияның осы салада ауқымды және біре­гей тәжірибеге ие. Өз қызметін бас­таған уақыт аралығында құ­рылым ел аума­ғында 20 МВт-тан астам деректерді жинау, өңдеу және сақтау үшін 20-дан астам кешен салды. «Логиком» компаниясы Қа­зақстанда Tier III деңгейдегі де­ректерді өңдеу орталығын салған болатын. Оның күллі Орта Азия елдерінде баламасы жоқ. Ком­панияның ұйытқы болуымен 2012 жылы Павлодарда Uptime Institute сертификатына ие дата орталығы құрылды. Осы аймақ­тағы ең ірі деректерді өңдеу ор­талығын құру жұмыстары әлемге әйгілі Hewlett-Packard компа­ниясымен бірлесіп жүргізілді. Нысан коммерциялық пайдала­нуға беру сәтінде Tier III ТМД елдеріндегі төртінші дерек­терді өңдеу орталығы болды. Оның қуаттылығы 4,2 МВт құра­ды. Айта кету керек, 2018 жылы Пав­лодар облысына сапары бары­сында Қазақстан Республи­ка­сы­ның сол кездегі Премьер-Ми­нис­трі Бақытжан Сағынтаев да­та ор­талығының жұмысымен та­нысты. 2020 жылы «Логиком» ак­ционерлік қоғамы Қазақстанның бірнеше облыс орталығында жал­пы қуаты 4,4 МВт болатын 5 деректерді өңдеу орталықтарын салуға тапсырыс алды. Сондай-ақ Павлодарда IT-қуаты 693кВт-қа тең машина залын жаңғыртты. Аталған жұмыстарды «Логиком» тобы 7 айда орындап шықты. Күр­делі техникалық сынақтың барлық сатысынан сәтті өткен нысандар 2020 жылдың желтоқ­сан айында пайдалануға берілді. 1 жылдық кепілдік мерзімі ішін­де барлық қалалардағы дерек­терді өңдеу орталықтары үздіксіз жұ­мыс істеді. Сондай-ақ «Логи­ком» компаниясы «ақылды» қа­ланы құруды көздейтін рес­пуб­ликалық маңызы бар Smart Aqkol модульдік жобасын іске асыруға да белсенді қатысты. Бұл жоба өз алдына Ақмола облы­сын­дағы Ақкөл қаласының ба­засында Қазақ­стандағы «ақыл­ды» қала­ларды дамытудың бі­рыңғай стан­дартын қалыптас­тыру міндетін қойғаны белгілі болып отыр. Ком­пания осы қа­ла­дағы жерасты деректерді өңдеу орталығының да құрылы­сын жүр­гізді. Бұл жұ­мыс­тар инфр­а­құ­рылымды жобалау, яғни жел­дету және ауаны баптау жүйе­ле­рін, электрмен жабдықтау, ав­то­­матты газды өрт сөндіру, опти­калық байланыс желілері және қолжетімділікті бақылау жұмыс­тарын қамтиды. Денсаулық сақтау министр­лігінің негізгі және резервтік деректерді өңдеу орталықтарын қалыптастырып, іске қосуын компанияның ірі жобаларының қатарында жатады. Жобаны Дү­ниежүзілік банк қаржылан­ды­рып, өз бақылауына алды. Ха­лықаралық қаржы институтының күрделі аккредитациясынан өт­кеннен кейін «Логиком» ком­паниясы министрліктердің дата орталықтарын да қажетті жаб­дықтармен қамтамасыз етті. Со­нымен қатар қолданыстағы бар­лық 19 ақпараттық жүйенің көші-қонын жүзеге асырды. Стационарлық деректерді өңдеу орталықтарымен бірге «Логиком» компаниясы модуль­дік орталықтарды да құрас­ты­рады. Өз кезегінде кәдімгі дерек­терді өңдеу орталықтарымен салыстырғанда модульдік дерек­тер орталығының бірқатар ар­тықшылығы бар. Атап айтқанда, модульдік дата орталығы шағын алаңда орнатылып, қажетіне қарай кез келген жерге көшірілуі мүмкін. Өндірістік қуаты жағы­нан модульдік деректер орта­лықтары стационарлық нұсқа­сынан кем түспейді. Орталықты ықшамдылықтың және қызмет көрсетудің қарапайым­дылы­ғы­ның арқасында кез келген жағ­дайда қолдануға болады. Сон­дай-ақ шешім ауқымдылығы бойынша өзінің мүмкіндіктеріне қарай бірегей болып табылады. Ком­па­ния Hyper Skill техно­ло­гиясын пай­далана отырып, жыл­дам са­лы­натын «толық аяқтал­ған» ин­фра­құрылым базасында белсенді IT-жабдығының қуаты 3 мВт болатын оларды салу бо­йынша бірнеше жобаны іске асырды. Жоғарыда біз келтірген мы­салдар «Логиком» акционерлік қоғамының 30 жыл ішінде ат­қарған жұмысының аз ғана бө­лігіне жатады. Компания құрыл­ғаннан бері көптеген жаңа тех­нологияны игерді. Олардың қа­тарында бейнебақылау, қолже­тімділікті бақылау, өрт-күзеттің дабыл белгісі, сондай-ақ бизнесті автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету сияқты көптеген жүйе бар. Өн­діріске келетін болсақ, LOGYCOM өнімдеріндегі қазақстан­дық қамту үлесі 25 пайыздан аса­ды. Компанияның барлық өні­мі сапаны бақылаудың үш сатылы сынағынан өтеді. Өнім­дердің жоғары температураға шыдам­дылығы да мұқият тексе­ріледі. Бұдан басқа «Логиком­ның» Қазақстанның барлық өңі­рінде сервистік қызмет көр­сету орта­лықтары бар. Нарық­та­ғы өзіндік беделін қалыптастыру арқасында компания жоғары технологиялық жабдықтардың қазақстандық ірі өндірушісіне айналды.