ТЖМ ел аумағында болған су тасқыны жағдайларына қатысты соңғы деректерді жариялады
ТЖМ ел аумағында болған су тасқыны жағдайларына қатысты соңғы деректерді жариялады
430
оқылды
ТЖМ мәліметінше, су тасқыны кезеңі басталғаннан бері 5 елді мекенде 80 тұрғын үй мен 2 әлеуметтік нысан еріген қар салдарынан су астында қалды. Сонымен қатар су басқан Павлодар және Ақтөбе облыстарындағы 43 үйден су сорылды. Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша тұрғын үйлерді су басу дерегі тіркелген жоқ. Республикалық маңызы бар 1 автожолда су жайылу жағдайы тіркелді. Су басқан 37 үй бақылауға алынды, 19 автожол учаскесінде су тасқыны бар, оның ішінде республикалық маңызы бар – 2, облыстық - 1, жергілікті – 16, оның ішінде автожолдардың 14 учаскесі шайылып кеткен. «Қазгидромет» РМК деректері бойынша алдағы тәуліктерде Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан қалаларында жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын күтіледі. Күндізгі уақытта ауа температурасы +5-тен +20-ға дейін, түнгі уақытта -3-тен + 9-ға дейін сақталады.