Павлодарда үйін су басқан көпбалалы отбасыға жаңа баспана беріледі
Павлодарда үйін су басқан көпбалалы отбасыға жаңа баспана беріледі
Суреттердің барлығы pavlodarnews.kz сайтына тиесілі
397
оқылды
Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов көпбалалы отбасыға су басқан үйдің орнына баспана беруді тапсырды. Павлодар ауданы әкімінің шешімімен Рождественка ауылында ТЖ режимі жарияланды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты.  Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, облыстық ТЖД басшысы Жасұлан Жұмашев өңір басшысына үйлерді су басу қаупін жою жөніндегі алдын алу шаралары туралы баяндады. VNB_2022-04-02_melt-water(2).jpg
"Суды бұру мақсатында каналдар қазу оң нәтиже берді. Қазір еріген су арналар арқылы ауыл сыртына ағып кетті. Құтқарушылар ойпатты жерлердегі суды сору жұмыстарын жалғастырып жатыр", - деді Жасұлан Жұмашев.
VNB_2022-04-02_melt-water(1).jpg Облыс әкімі аудан басшысы Ержан Иманслямға Абай көшесі, 67 мекен-жайындағы су басқан үйді апатты деп тануды тапсырды.
"Сіздердің үйлеріңіз апатты деп танылды, мұнда ары қарай тұру қауіпті. Сіздерге барлық қажетті материалдық көмек көрсетіледі", - деді Әбілқайыр Сқақов отағасы Анатолий Остапенкоға.
Көп балалы ата-ана Анатолий мен Анастасия Остапенко төрт бала тәрбиелеп отыр, олардың екеуі - мектеп оқушылары. VNB_2022-04-02_melt-water(3).jpg Сонымен қатар, Әбілқайыр Сқақов облыс орталығындағы көшелердің су басқан учаскелерін аралап шықты. Ол қала әкімі Асаин Байхановпен бірге Ворушин көшесінде, Зеленстрой кентінде, Сарыарқа және Екінші Павлодар шағын аудандарындағы су сору жұмыстарын бақылады. VNB_2022-04-02_melt-water(4).jpg Зеленстрой кентінің тұрғындары Нұржанов көшесінде жыл сайын аулалар мен қораларға еріген су құйылады деп шағымданды. Асаин Байханов алдағы уақытта мұнда кәріз желісі жүргізілетінін айтты.
- Ауылда алты жүзге жуық үй бар, - деді қала басшысы. - Таяудағы екі жыл ішінде осы жерден Ломов және Камзин көшелеріне дейін магистраль тартуды жоспарлап отырмыз.
Екінші Павлодарда облыс әкімі көшелерді асфальттау бойынша жоспарлары туралы сұрады. Асаин Байханов өткен жылы жеті көшеге асфальт төселгенін хабарлап, биыл қалалық ТҮКШ бөлімі тағы 14 көшеге асфальт төсейтінін айтты.