Қарағанды шахтасында 36 жастағы жұмысшысы көз жұмды
Қарағанды шахтасында 36 жастағы жұмысшысы көз жұмды
Сурет: © РИА Новости / Валерий Мельников
370
оқылды
Қарағандыда Костенко атындағы шахтада "УглеСпецМонтаж" ЖШС мердігерлік ұйымының 36 жастағы жұмысшысы көз жұмды. Қайғылы оқиға 2 сәуірде болды, деп хабарлайды "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі.
"Костенко атындағы шахтада жазатайым оқиға болды. Салдарынан УСМ мердігерлік ұйымының қызметкері (1986 жылғы) қаза тапты", - делінген хабарламада.
Мемлекеттік комиссия құрылып, тергеу жүріп жатыр.