Қосшы қаласында мас ер адам монша директорын соққыға жықты, деп хабарлайды Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.
2 сәуір күні сағат 07.30 шамасында сауна директоры клиенттердің неге шотты төлемегенін анықтамақ болады. Осы кезде оны екі адамның бірі ұрып құлатып, ары қарай төбелесе жөнелген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Қосшының 44 жастағы тұрғыны мен 36 және 37 жастағы елордалықты анықтады.
"Қанында алкоголь бар-жоғын куәландыру кезінде 44 жастағы және 36 жастағы ер адам жеңіл және орташа дәрежеде мас екені анықталды. Олар Нұр-Сұлтан қаласының медициналық айықтырғышына қамалды. Саунадағы әйелді жаралаған күдікті 37 жастағы ер адам Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Целиноград аудандық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", – деп хабарлады полиция өкілдері.
ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.