Шығыс Қазақстанда көмір мен пайдалы қазба тиелген жүк пойызы апатқа ұшырады, – деп жазады Liter.kz.
Пойыздың 11 вагоны жерге, 6-уы Ертіс өзеніне құлаған. Жол апаты Ертіс өзенінен өтетін көпір маңайында болған.
Төтенше жағдайлар департаменті апаттың болғанын растады. Алайда көмек керек болмағандықтан оқиға орнына бармағанын хабарлады.
Бұған дейін астық тиелген 12 вагон аударылып, жолаушылар пойыздары кестесінен кешігіп, қиындық тудырған еді.