Қаңтар оқиғасы: кездейсоқ құрбандардың отбасына 35 миллион теңге төленді   
Қаңтар оқиғасы: кездейсоқ құрбандардың отбасына 35 миллион теңге төленді   
Фото: rueconomics.ru
731
оқылды
«Қазақстан халқына» қоры қайырымдылық көмек туралы есебін жариялады. Қордан қайғылы қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге жалпы сомасы 495 миллион теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді. Оның ішінде:
  • қаза тапқан әскери қызметкерлердің, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасыларына – 133 млн теңге.
  • ауыр жарақат алған әскери қызметкерлерге, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне – 318 млн теңге.
  • қаңтар оқиғасының кездейсоқ құрбаны болған Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына – 35 млн теңге.
  • қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен балалардың отбасыларына – 9 млн теңге.
Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу әлі де жалғасуда, азаматтардың өлімінің мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.