Синоптиктер 5-7 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның солтүстік, батыс, шығыс өңірлеріндегі ауа райына солтүстік-батыс циклоны әсер етеді.
Циклон әсерінен жаңбыр жауады. Жел күшейіп, түнде көктайғақ болады. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлеріне Иран тарапынан соғатын ауа массаларының әсерінен таулы аудандарда жаңбыр мен найзағай болжанады.
Күндіз термометр бағаны +20, +28 градусқа дейін жетеді.
Бұған дейін Қазақстанның бірнеше аймағында су тасқынының қаупі әлі де сейілмегенін хабарлаған болатынбыз.