Полицейлер 47 жастағы тұрғынды атып өлтірген ер адамды ұстады
Полицейлер 47 жастағы тұрғынды атып өлтірген ер адамды ұстады
Фото: ПД-нен алынды
211
оқылды
Алматының Бостандық ауданында таңертең жантүршігерлік оқиға болды. Полицияға хабар таңғы сағат 08:59 минутта түскен. 1975 жылы туған Ш. есімді ер адам кісі қолынан қаза тапты. Оны аң аулайтын мылтықпен атқан.
«Қылмысқа қатысы бар күдікті Алматы қаласы Алатау ауданы аумағынан ұсталды. Қару тәркіленді. Кісі өлтіру себебі анықталып жатыр», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.
Бұған дейін Қанат Таймерденов Қаңтар оқиғасы кезінде Полиция департаментін қоршауға алғандар туралы айтқан еді.