Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы компания басшылары ұсталды
Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы компания басшылары ұсталды
©sputnik.kz
275
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлы, Гүлмира Сатыбалды және басқа да тұлғаларға қатысты тергеудің жалғасып жатқанын хабарлады. Тергеу барысында Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы компания иелері кірме теміржол желілерінің (соңғы шақырымы) ұрлығы жайында қосымша фактілері шықты. Олар мемлекеттік қызметкерлердің көмегімен еліміздің қала құраушы кәсіпорындарына кіреберіс жол қызметінің тарифін негізсіз көтеріп, миллиардтаған доллар пайда тапқан. Соның салдарынан азаматтардың тіршілігін қамтамасыз ету қызметтерінің бағасы қымбаттаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы екі серіктестіктің басшылары ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Олардың ісі жайында соңғы шешімді сот анықтайды. Қазір тергеу мүддесін сақтау мақсатында басқа ақпарат жария етілмейді.