Партиялықтар халықпен бірге
Партиялықтар халықпен бірге
261
оқылды

Батыс Қазақстан облысында күннің күрт жылуынан еріген қар суының салдарынан 170-ке жуық үй мен 2 әлеуметтік нысанды су басты. 168 бас ірі қара мен ұсақ мал қырылды. Облыстың алты ауданында су басу қаупі әлі сақталуда.

"Су басқан үйлерден 750 адам эвакуацияланды, оның ішінде 215-і бала. Адамдар барлық қажетті азық-түліктермен және бірінші қажеттіліктегі заттармен қамтамасыз етілді. Су тасқынына қарсы іс - шараларға барлығы 770-тен астам адам мен 99 бірлік техника жұмылдырылды", - деді БҚО ТЖ өкілдері. Облыс орталығында 6 мыңнан астам адам тұратын Деркөл, Шаған және Орал өзендерінің жайылмаларында орналасқан саяжай серіктестіктері су басу қаупінде тұр. Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге облыс резервінен 1,2 миллиард теңге бөлінген. Зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетіледі. Ол үшін аудандарда шығын мөлшерін анықтайтын комиссиялар құрылды. партия "AMANAT" партиясы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Кенесары Нұршинов партия тарапынан бірыңғай шот құрылып, волонтерлік штабпен бірге бірінші кезекте қажетті қаражат пен азық-түлік жинау жүргізіліп жатқанын атап өтті. "Біз бірыңғай шот құрдық. Зардап шеккендерге ақшалай және қажетті тауарлармен көмектескісі келетіндер көп. Су тасқыны салдарын жою бойынша еріктілер штабы құрылды. БҚО-ның су тасқынынан зардап шеккен төрт ауданында адамдарға көмектесетін 30 адамнан тұратын еріктілер жасағы жұмыс жасауда. Партия мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары, партияның барлық филиалдарының қызметкерлері бір тәулік ішінде 2 млн теңгеден астам қаражат жинады. Сонымен қатар, бүгінде 8 тонна ұн, 3 тонна картоп, 402 қап макарон өнімдері, 200 қорап шай, 716 литр күнбағыс майы және үйлерге арналған 10 жылыту пештері жүктелді", - деп атап өтті Кенесары Нұршинов. Облыстық мәслихаттың белсенді депутаттарының бірі Тұрарбек Тілемісов партияластардың тарапынан көмек жалғасын табатынын атап өтті. "Осындай қиын-қыстау кезеңде біз бәріміз бірігіп, әрқашан көмектесуге дайынбыз. Басқа қалаларда тұратын жерлестеріміздің де шетте қалмағаны қуантады. Партия мүшелерінің күшімен бір тәулік ішінде қомақты сома жиналып, ағын судың салдарынан зардап шеккен жерлестерімізге жөнелтілетін болады ", - деді облыстық мәслихаттың депутаты Тұрарбек Тілемісов. Естеріңізге сала кетейік, БҚО-да күрт жылынып, қар еру салдарынан автомобиль жолдары мен тұрғын үйлерді су басты. Төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды.