Нұр-Сұлтан әуежайында елге заңсыз алтын кіргізбек болған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі.
Ыстамбұл-Нұр-Сұлтан халықаралық рейс жолаушыларын шекаралық бақылау пунктінен өткізу кезінде заңсыз зергерлік бұйымдарды елге кіргізбек болған Қазақстан азаматы ұсталды.
"Алтын бұйымдардың жалпы салмағы 34 келіден асты. Ұсталған тауардың алдын ала сомасы миллиард теңгеден асады", - делінген хабарламада.
Бұл жағдай Қылмыстық кодекстің 234-бабы 1-бөлігі (аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабанда) бойынша тіркелді.