Қоғамдық қабылдау бөлмелері ашылды
Қоғамдық қабылдау бөлмелері ашылды
240
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партияның кезектен тыс ХХІІ съезінде сөйлеген сөзінде шалғай елді мекен тұрғындарымен кездесіп, көшпелі қабылдауды жиі өткізу, ірі бастауыш партия ұйымдарының базасында қоғамдық қа­былдаулар ашу қажет екенін айтқан болатын. Жаңғыруға бет алған «AMANAT» партиясы бұл міндет­тер­­ді дереу қол­ға алды. Осы мақ­сат­та партия жанынан арнайы мо­бильді топтар құрылып, шал­ғай елді мекендерде қоғамдық қабыл­даулар жолға қойылды. – Бастауыш ұйымдар – пар­тияның негізі болғандықтан, 500-ден жоғары партия мүшелері бар ірі бастауыш ұйымдарда қоғамдық қабылдау бөлмелерін ашу жұмыс­тары қолға алынды. Алғашқы қа­­былдау бөлмесі жақында Рес­пуб­ли­калық қоғамдық қабылдау бөл­месі меңгерушісінің орынба­сары Азамат Біржановтың қа­ты­суымен қалалық пар­тия филиа­лына қа­расты «Жа­рық» бастауыш партия ұйымында ашылды. Кейін Арал ауданында «Сексеуіл», Қазалыда «ВЧД-6», Шие­ліде «Атамекен» және осы те­мір­жол филиалына қа­расты «Қы­зыл­орда локомотив пай­далану де­по­сы» бастауыш пар­тия ұйым­да­рын­да іске қосылды, – дейді облыс­тық партия филиа­лының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова. қоғамдық қабылдау Локомотив – теміржол сала­сы­ның қозғаушы күші. Мұнда 700-дің үстінде жұмысшы бар. Локомотив­тердің үздіксіз, кедер­гісіз жолға шы­ғуын қамтамасыз етіп отырған осы сала маман­да­ры­ның еңбегі зор. Енді мұндағы жұмысшылар жеке мәселесі бойынша партия фи­лиалдарына барып уақыт жо­ғалт­пайды. Осында қолы қалт ет­кенде келіп, кестеге сәйкес жос­парланған мәс­лихат депутаттары немесе түрлі сала басшыларына көкей­дегі сауалын жолдай алады. – Біз теміржолшылар ел Пре­зиденті тапсырмаларының жү­зеге асып жатқанына қуанышты­мыз. Біздің бастауыш ұйымда ашылып отырған қабылдау бөл­месі осы салада жұмыс істейтін азаматтарды алаңдатқан мәселе­лерін анықтап қана қоймай, оның шешілуіне, олар­мен тұрақ­ты кері байланысты нығайтуға ық­пал ететініне сені­мі­міз мол, – дейді «Қызылорда локо­мотив пайдалану депосы» бас­та­уыш ұйымының төрағасы Жұл­дыз­бай Мұсаев. «AMANAT» партиясының қо­ғамдық қабылдау бөлмесі ашыл­ға­нын естіген бір топ аза­мат өтініш­терін де жеткізіп үл­герді. Олар, әсі­­ресе, әйел аза­мат­тардың зейнет жасы мен ме­ди­циналық сақтан­дыру мәсе­ле­лерін алға тартты. Бар­лық мәселе пар­тиялық бақы­лау­ға алынып, нақты жұмыс атқа­ры­латын болды.

Әбілмансұр ЖАСАН