Елімізге танымал актриса Әсел Сәдуақасова жақында Индонезия еліне көшіп барған. Бүгінде ол Балидегі үйін көрсетіп, әлеуметтік желіде бөліскен болатын.
"Үлкен виллаларда тұрдым, енді жер үйде үлкен отбасыммен бірге тұруды ұйғардым. Қасымда көршілерім болғанын қаламадым. Өзімді ыңғайсыз сезінемін. Сондықтан осы апартаментті алдым. Балиде мұндай пәтерлерді табу қиын, дәлірек айтсақ, мұндай менде ғана. Кірген бойда-ақ өз үйім екенін сездім. Бейне бір осында бұрын да тұрған секілді көрінді. Осындай үй тапқаныма қуаныштымын", - деді актриса.
Әсел Сәдуақасова Instagram-Stories-те бассейні мен жеке террасасы бар апартаментін көрсетті.
Естеріңізде болса, актриса 2010 жылдардың ортасынан бастап әншілік мансабын тастап, продюсер ретінде жұмыс істеді. Өзін-өзі іздеу мақсатында былтыр Мәскеуге көшкен болатын.