Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Ораза ұстамағандар мешітке күніне 3000 теңге төлеуі керек пе?

Назгүл Ержанқызы Назгүл Ержанқызы
Сәуір 5, 2022
Ораза

©kyzylorda-news.kz

422
қаралым

«Ораза ұстамасаң, күніне 3 мың теңге төлеп отыр» дегенге түсінбеушілік білдірген видео әлеуметтік желіде кеңінен тараған болатын. Осыған қатысты мүфтият пікір білдірді.

Діни басқарма жанындағы республикалық ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі, белгілі теолог Хасан Аманқұлов «Имамдар дұрыс түсіндірмеген болуы керек немесе мына қызымыз дұрыс түсінбеген. Мұнда підия туралы айтылып отыр. Оның үкімін дұрыс түсіну керек», – деді мүфтият өкілі.

Оның айтуынша, підия ислам дінінде бұйырылған белгілі бір құлшылықтың орнына төлем жасауды білдіреді.

«Алла тағала қасиетті құранда: «Парыз ораза санаулы әрі белгілі күндерде ғана өтеледі. Араларыңнан әлдекім ауырып қалып немесе сапарда жүріп ораза ұстамаса, (қаза болған күндерін) басқа уақытта ұстасын. Ораза ұстауға шамасы әзер жететіндер (яғни, қарттар және созылмалы дертке шалдыққан науқастар қаза болған әр күнге) підия ретінде бір жарлының (бір күндік екі мезгіл) тамағын (немесе соның құнын ақшалай) беруі керек» деп бұйырған. Жылдың басқа мезгілінде ораза ұстауға шамасы келмейтін қария кісіге және өмір бойы ауыратын созылмалы дерті бар адамға ораза ұстамауға рұқсат етіледі. Мұндай топтағы адамдар оның орнына підия садақасын береді», – дейді Хасан Аманқұлов.

Айта кетейік, підия садақасы – бір адамның күнделікті (таңғы және кешкі) тойып ішетін асы. Діни басқарма өкілінің сөзінше, оның ең аз мөлшері биыл 3000 теңге деп белгіленген.

Естеріңізге салсақ, бейнежазбада «Мешітке жұма намазға кіріп едік. «Егер ораза ұстауға мүмкіндігіңіз жоқ болса, күніне 3 мың теңге төлеп отырыңыз» дейді. Сіздер осындай заңды естідіңіздер ме? Бұл қайдан шыққан заң? Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан пітір садақаны естуіміз бар. Естімедім деген адам болмайтын шығар… Ал енді мен осы уақытқа дейін не бір әке-шешемнен, не бір 100-ге келген, 100-ден асқан ата-әжелерімізден «Ораза ұстамасаң, күніне 3 мың теңге төлеп отыр» дегенді естімеппін», – деген болатын.

Тегтер: Жаңалықтармешітораза

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бауырлас екі ел арасында түсінбестік болған емес – Тоқаев

Синоптиктер маусым айында бірнеше облыста құрғақшылық болатынын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Садыр Жапаров «Ақ кемеде» қарсы алды – видео

Утильалымға артық төленген ақшаны қайтарып алу үшін не істеу керек?

AMANAT партиясының өкілдері Республикалық диагностикалық орталық ұжымымен кездесті

Смайылов биыл министрлердің халықпен кездесетін күнін белгілеп, кестесін бекітті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»