Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Қарғын су Қарағандыны да әбігерге салды

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ
Сәуір 6, 2022
Қарағанды
510
қаралым

Соңғы екі аптаның ішінде табиғат жұртты сынаққа алған сыңайы бар. Наурыздың соңында қар қалың түсті. Іле-шала күн күрт жылынды. Енді сол мол, дала мен қалаға қарғын қауіп төндіріп тұр. Тасқын Қарағанды қаласын да әбігерге салды. Бұл туралы Қарағанды қалалық Төтенше жағдайлар басқарма басшысының орынбасары Асқат Маханов жиында айтты.

– Наурыздың аяғында 50 мм-ден астам қар түсті. Қазір күннің күрт жылынуынан күндіз де, түнде де қар тез еріп жатыр.

Су ағынының көп болуынан Оңтүстік-Шығыс аймағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің 5 жертөлесі, кеңсе ғимараттары мен көшелер су астында қалды. Соның кесірінен Гүлдер –Тәттімбет көшелерінде жол жабылды.

Бұл жерде еріген судың ағынын коллекторға бағыттау үшін құм-топырақтан қорған салу жұмыстарын жүргіздік. Барлық мекенжайда арнайы техникамен  су сорғызылып жатыр, – Асқат Маханов.

Жалпы, Қарағанды қаласында су тасқыны кезеңі басталғаннан бері су басу туралы 194 хабарлама тіркелген. Күзембаев көшесіндегі  № 2, 4, 6, 8, 10, 12, Өркен көшесіндегі № 5, 7,9, 11,13  тұрғын үйлерге су кір­ген. Себебі қожайындары үйлерінің кәріз құбырларын қалалық кәрізге заңсыз жалғаған.

Университет  көшесіндегі жертөлелерді су басу себебі қалалық орталық канализацияға еріген судың үлкен көлемде түсуінен болды.

Сондай-ақ 31 наурыздан бастап сарқынды су көлемі 2,5 есеге артып, тәулігіне 160 000 шаршы метрді   құраған.

Тұрғын үйлерді су басу қаупін жою үшін жергілікті атқарушы органдардың, жол-коммуналдық
ұйымдардың күштері мен құралдары, Қарағанды қаласының төтенше жағдайлар басқармасы тартылды. Қазір 380 мың текше метрден астам су сорылған. Бүгінде  жанар-жағармай қоры – 5 мың тонна, инертті материалдар – 66 мың тонна, қап – 15 мың дана.

– Жағдай бақылауда, күштер мен құралдар жеткілікті, тұрғын үйлерді су басып кетпеу, іргелес аумақтардағы суды жедел ағызу үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.

Сонымен қатар барлық ата-анадан балалардың үйден шығуын, қар еруі аяқталғанға дейін қараусыз жүруін шектеуді сұраймын. Оларды судың жанында ойнауға қатаң тыйым салу қажет. Қалада және барлық елді мекенде көптеген арна бар,  мақсаты бойынша олар әрқашан ашық. Қазір олар суға толы, – дейді Асқат Маханов.

Қарағанды қаласы

Тегтер: Асқат Махановқар еріпҚарағандықарғын суқауіп

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокста қанша табыс тапқаны белігілі болды

26 мамырға арналған доллардың ресми бағамы белгіленді

Алматыда «Вендік бал» форматында соңғы қоңырау өтті

Маңғыстауда жол апатынан жеті мектеп түлегі зардап шекті

Ақтау көшелерінде тәртіп бұзған түлектер видеоға түсіп қалды

Қызылордада аудит қызметкерлері бухгалтерлерді пайдаланылған заттарды сатуға мәжбүрлеген

Жастар – өзгерісті қолдайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»