Амангелді ҚұрметAIQYN республикалық қоғамдық-саяси газетінің Бас редакторы болып тағайындалды.
Амангелді Құрмет 1979 жылы туған.
1998-2003 жылдары Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Халықаралық журналистика мамандығын, 2015-2017 Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде магистратураны тәмамдаған.
2003-2006 жылдары «Астана ақшамы» газетінде жауапты хатшының орынбасары;
2006-2012 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Қазақ радиосында шеф-редактор;
2012-2013 жылдары ОҚО әкімі баспасөз қызметінің бас маманы;
2013-2014 жылдары Республикалық «Жебе» газетінің бас редакторы;
2015-2016 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ интернет редакциясының шеф-редакторы;
2016-2018 жылдары «Айқын» газеті Бас редакторының орынбасары;
2018-2019 жылдары Халықаралық Түркі академиясының баспасөз хатшысы;
2019-2020 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінде әлеумет бөлімінің жетекшісі;
2020 жылдан қазіргі дейін AIQYN газеті Бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.
Қазақ, түрік, орыс, ағылшын, моңғол тілін жетік біледі.