Шымкент қаласының тұрғыны Ләззат Тілеубекова 3 жылдан бері автокөлігіне келген залалды өндіре алмай жүрген болатын. Сот орындаушылары да өтемақыны өндіруге қауқарсыздық танытып келген.
Ләззат Жүсіпқызы ақыры болмаған соң жуырда көшбасшы партияға жүгінді. Ол өзінің арызын қалалық маслихаттың депутаты, AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Бекайдар Мұсаұлына жеткізіп, көмек беруін сұрады.
Бекайдар Төлегенов аталған мәселені «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында өз бақылауына алды. Шағымданушының мәселесін қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына жеткізіп, оны қадағалап отырды.
Нәтижесінде соттың шешімімен «Компания «К.Н.Е.» ЖШС-ның қарыз өтеу тарапы 4 283 218 теңге материалдық шығынды зардап шегушінің жеке есеп шотына аударды. Осылайша 3 жыл бойы шешімін таппаған мәселе 6 күннің ішінде оңтайлы шешімін тауып, қарыз ақша өндірілді.
Ләззат Жүсіпқызы өтінішін мұқият тыңдап, мәселесін шешіп берген партияластарға алғысын білдірді.