Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Сәкен Бибосынов Таиландтағы турнирде күтпеген жерден жеңілді

Элмира Жақсыбайқызы Элмира Жақсыбайқызы
Сәуір 6, 2022
Фото: prosports.kz

Фото: prosports.kz

219
қаралым

Таиландтың Пхукет қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық турнирдің ширек финалында әлем чемпионы Сәкен Бибосынов күтпеген жерден қарсыласынан жеңілді. Олимпиаданың қола жүлдегерін шаршы алаң қожайыны Танарат Саенфет тоқтатқан. 

«Бұл менің әлем чемпионатынан кейін қатысып отырған алғашқы жарысым. Екі кездесу өткіздім. Жергілікті боксшы болған соң, төрешілер таиландтық спортшыға көмектесті. Аздап бұрмалап жіберді. Әлем чемпионатында дәл осы боксшыны ұтқан едім.

Спорт болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Бұл да мен үшін үлкен тәжірибе. Әрбір жеңілістен соң шаршы алаңға мықты боп ораламыз. Бапкерлерім де барынша қолдау білдіріп, уайымға салынбауымды сұрап жатыр. Әлі талай жұмыс атқару керек бізге. Әлем чемпионатынан кейінгі үзіліс маған жақсы әсерін тигізді. Біраз тынығып, жаңа күшпен оралдық.

Биылғы маусымның басты бәсекесі – Қытайда өтетін жазғы Азия ойындары. Сол бәсекеде еліміздің көк байрағын биікке көтеруді мақсат еттім», – деді Сәкен Bassport.kz-ке берген сұхбатында.

52 келі салмақтағы ширек финалдық айқаста ол күтпеген жерден тайландтық Танарат Саенфетке есе жіберген еді (27:30, 29:28, 28:29, 30:27, 28:29). Осылайша, Сәкен жарыс жүлдесінен қағылды.

Сәкен Бибосынов – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. Бокстан 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2021 жылғы әлем чемпионы.

Тегтер: Сәкен БибосыновТаиланд

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Сұлтаннан Бішкекке әуе рейсі ашылады

Оралда 26 жастағы қызды зорлаған таксист пен оның танысы 8 жылға сотталды

Доллар бағамы 7,22 теңгеге қымбаттады

Халық Президент бастамаларын қолдап отыр – Ерлан Қошанов

Жазушы Торғын Жолдасбекқызы 37 жасында қайтыс болды

1,1 миллионнан астам қызметкердің жалақысы өседі - Тоғжанов

Украинадағы соғыс 70-тен астам елді дағдарыс пен дефолтқа ұшыратуы мүмкін – БҰҰ

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»