Қарағандыда 3 көпқабатты тұрғын үйді су басып, 50-ден астам отбасы баспанасыз қалды
Қарағандыда 3 көпқабатты тұрғын үйді су басып, 50-ден астам отбасы баспанасыз қалды
©kk.approby.com
148
оқылды
Қарағанды қаласында 3 көпқабатты тұрғын үй суға кетті. Ондағы 50-ден астам отбасы шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы “Астана” арнасы хабарлады. Мамандардың айтуынша, баспаналар Бұқпа өзенінің үстіне салынған. Енді жергілікті әкімдік ол үйлерді бұзбақ. Кеше түнде елуден астам отбасы үйін тастап кетуге мәжбүр болды. Өйткені су деңгейінің көтерілгені соншалық тұрғындарға электр сымдарының тұйықталуы қаупі төнген. Сөйтіп адамдар тез арада қауіпсіз аумаққа көшірілді. Сөйтсе мәселе суда емес, басқада екен. Тұрғындар бұл жағдайды кеше ауладағы бетондарды аршыған кезде ғана көрген. 4 жыл бұрын ғана пайдалануға берілген баспананы жеке кәсіпкер салып, сатқан. Жұрт пәтерлерді 15-20 жылға ипотекамен алған. Айына 170 – 200 мың теңге несие төлейді. “Біз арнасын көрген жоқпыз, мынадай болады деп ойламадық. Пәтерді қаншама ақшаға алдық. Тұрып жатқаныма бір жыл да болған жоқ. Ремонтқа қаншама ақша жұмсадым. Енді қазір подснос жібереміз дейді. Акимат қайда қарады қабылдаған кезде? Неге рұқсат берді?” – дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Тамашагүл Бекова. Қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың айтуынша, үйлердің өзен арнасына салынуы кез келген құрылыс ережесіне қайшы. Қатты ағыс нысанды құлатпай қоймайды дейді. Қазірдің өзінде шеткі үйдің іргетасы ажырай бастаған. “Үш үй де қауіпті жерде тұр. Мына жерде 12-ші жылға дейін водоохранная зона болған. Сол кезде алып қойып, артынан бұл жерге үй салған. Қай уақытта рұқсат берді? Неге берілді? Соның бәрін құқық қорғау органдары тексереді”, – дейді Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев. Үйлерге техникалық сараптама жасалмақшы. Содан кейін ғана шешім шығарылады. Пәтер иелері басқа үйге көшірілуі мүмкін. Ал құрылыс компаниясын әкімдік сотқа бермек. 50-ден астам отбасы қазір туыстарының үйін жағалап жүр. Тұрғындар жергілікті әкімдік ұсынған қонақүйде не су, не әжетхана болмаған соң бас тартуда. Онда уақытша тұрудың өзі мүмкін емес. Жарық қосуға да болмайды. Үйге кірген суды тасып, тауысу мүмкін емес. Сонау 8 шақырымдағы Үштөбе ауылынан келген дала суы бүкіл қаланы аралап, Бұқпаға құйылып жатыр. Оның үстіне қала көшелерінде суағарлар болмағандықтан су тасқынының қаупі сейілмей тұр.