Мамыр айында елімізде үш үлкен мереке тойланады. Соған орай, қазақстандықтарға 6 күн демалыс беріледі.
Атап айтсақ, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні.
1 мамыр жексенбіге сәйкес келгендіктен, тағы бір демалыс күні – 2 мамыр қосылады.
Ал Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр сенбіге сәйкес келеді. Сол себепті демалыс күні 10 мамырға ауыстырылды. Сөйтіп, 9 мамыр - Жеңіс күнінде қазақстандықтар бірден төрт күн – 7-10 мамыр аралығында демалады.
Осылайша, қазақстандықтар мамырда бес күндік жұмыс аптасында 12 күн, алты күндік жұмыс аптасында сегіз күн демалатын болды.