Шымкент әуежайына «жарылғыш зат қойылған»
Шымкент әуежайына «жарылғыш зат қойылған»
©inbusiness.kz
226
оқылды
Шымкент әуе айлағына «жарылғыш зат қойылды» деген хабарлама түнгі сағат 02:00-де түскен. Содан кейін жолаушылар мен қызметкерлерді эвакуациялау басталды. Бұл туралы Otyrar.kz Telegram арнасы хабарлады.  Олардың мәліметінше, полиция мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қалалық департаменті әуежай қызметімен бірлесіп, арнайы іс-шаралар өткізген. «Әуежай терминалы эвакуацияланды. Тексеру жүргізілді, ақпарат жалған болып шықты» делінген хабарламада. Қазір Шымкент әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.