«Инфарктан аман алып қалды» – Сәбит Әбдіхалықов ауруханаға түскенін хабарлады
«Инфарктан аман алып қалды» – Сәбит Әбдіхалықов ауруханаға түскенін хабарлады
©tengrinews.kz
226
оқылды
Актер Сәбит Әбдіхалықов жүрегі ұстап, ауруханаға түскен екен. Қазір ол емделіп жатыр. "Алматы кардиоорталығының дәрігерлері мен медбикелеріне және басшысы Алмат Тұрысбекұлына мың алғыс! Нағыз өз ісінің мамандары. 2016 жылы инфаркт алғанымда аман алып қалды, жеті жылға жуық жүрегімді емдеп келеді" деп жазды. Жеті баланың әкесі бүгінде жүрегін емдетіп жүр. Бұған дейін 2016 жылы жүрек талмасы болған. Өнердегі әріптестері Сәбит мырзаға шипа тілеуде.