Асылхан Төлеповтің жары ұлының өліміне қатысты пікір білдірді
Асылхан Төлеповтің жары ұлының өліміне қатысты пікір білдірді
300
оқылды
Асылхан Төлеповтің жары Айсұлу Нарымбекқызы екінші ұлының өліміне қатысты пікір білдіріп, оның неден шетінегенін айтты. Айтуынша, дәрігерлер әуел баста мұндай жағдай болуы мүмкін екенін ескерткен екен. Соған қарамастан олар баланы барынша емдеуге тырысқан. Қазір актердің жары бұл тақырыпты қозғағысы келмейтінін айтып, мән-жайды былай деп түсіндірді: “Балаңыздың қай жері ауырды?” деп сұрап жатқан жандарға, мен бұл тақырыпты қозғамаймын. Оның ел аузында талқыланғанын қаламаймын. Дәрігерлер о бастан не боларын айтып ескерткен. Отбасымызбен бар амал жасадық. Алланың қалауы сол болды. Сабақ алдық. Сабырлық таныттық, әлі де танытып келеміз. Оңай емес. Бірақ өткенді ойлап, қайғы деген тұңғиыққа батпауға бел будық. Пешенемізге жазылғаны. Кейінгісін көре жатармыз. Көрер қызығымыз таусылмасын. Арты тек той болсын”, - деді ол. Наурыз айының соңында Асылхан Төлепов ұлынан айырылған еді.