Қазақ апат айтып келмейді дейді. Тосыннан келер табиғаттың апатынан ешкім сақтандырылмаған. 1 сәуірде Павлодар облысына қарасты Павлодар ауданының Рождественка ауылында күннің күрт жылуына байланысты бір тұрғын үй мен ондаған ауланы еріген қар суы басты. Ауыл ақсақалдарының айтуы бойынша, ауылды су басу соңғы рет 1985 жылы болған екен. Осы күндері Рождественка ауылында еріген қар суының салдарынан төтенше жағдай қызметі жұмыс істеді.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен еріген қар суын ауылдан далаға бұрып жіберетін каналдар қазылып, ауыл ішінде суды сору жұмыстары қарқынды түрде жүргізілді. Қазіргі таңда су төмендеді, барлық қажетті күштер мен құралдар жұмылдырылып, тұрғын үйлерді су басудың жаңа қаупі жоқ. Ауылда су басып кеткен бір үйді Павлодар облысының әкімі, AMANAT партиясы облыстық филиалының төрағасы Әбілқайыр Сқақов апатты деп танып, зардап шеккендерге көмек көрсетуді және келтірілген залалды өтеуге тапсырма берген болатын.
7 сәуірде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айгүл Нұркина, Вера Ким, AMANAT партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Илья Теренченко, облыстық мәслихаттың депутаттары Гүлмира Нұрханова Рождественка ауылдық округіндегі су басқан учаскелерге барып, зардап шеккен отбасылармен кездесті. Рождественкада қар еріген күндері 30 үйді су басу қаупі болды. Жеті аулаға су кіріп, екі үйді – Баяновтар отбасы мен Остапенконы су басты.
Үйлері апатты деп танылған Остопенколардың жанұясына облыс әкімінің тапсырмасымен Роджественко ауылынан үй берілді.
«AMANAT» партиясы үйімізге су кірген күннен бастап қолдау көрсетті. Бірден азық-түлік, көмір, киім-кешекпен көмектесті. Балаларымыз көршілес ауылда туысқандардың үйінде. Қазіргі танда үй мәселесі шешілуде, балаларымыз тезірек жаңа үйге, мектептегі оқуына тезірек оралады деп үміттенеміз. Партияға, облыс әкіміне, жергілікті атқарушы органдарға бізге қаржылай көмек көрсеткен барлық азаматтарға рахмет», – деді Остапенко жанұясы.
Сондай-ақ Аманатшылар жайылған судан зардап шеккен ауыл тұрғыны Владимир Баяновпен кездесті. Жалғызбасты әке үйді қалпына келтіруге көмек сұрады. Жергілікті атқарушы органдар жақын арада құрылыс материалдарымен көмектесіп, үйдің еденін ауыстырып беретінін айтты.
Осы күні партияластар Жамиля Эрназарова, Елена Яровенко, Мадина Джумадиева тұрмыстық техника, төсек-орын жабдықтары мен балаларға киім-кешекпен көмектесті.
«Біз осы күндері облыста орын алған оқиғаларға мониторинг жасап, жіті бақылауда ұстадық. Бүгін біз әріптесімізбен зардап шеккен ауыл тұрғындарымен кездесу келіп, өз көзімізбен көріп, апаттың салдарын білуге келдік. Айта кету керек, облыстың барлық төтенше жағдай қызметтері шұғыл түрде әрекет етіп, ауыл тұрғындарымен бірге орын алған апатты жоя білді. Партияның Павлодар аудандық мәслихатының депутаттары, облыстық филиалдың өкілдері бұл оқиға кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетуде белсенділік танытты. Бүгінгі күні жағдай тұрақталды. Бірақ мониторинг жұмыстарын жалғастыру қажет. Біздің тарапымыздан республикалық деңгейде қолдау керек болса, біз үкіметке орын алған мәселерді шешуге жүгінетін боламыз», – деді Парламент Мәжілісінің депутаты Айгүл Нұркина.
Вера Ким әріптесін қолдап, Рождественкада Төтенше жағдайлар қызметкерлері, аймақ, аудан басшылығы және жергілікті тұрғындар үйлесімді жұмыс істегенін атап өтті.
Мәжілісмендер наурыз айының соңында су басу қаупі төнген Даниловкаға да барды. Облыстық ТЖ департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашевтің айтуынша, жедел жұмыстың арқасында қауіптің алдын алып, жағдайдың тұрақталғанын хабарлады.
- Аулаларға су кіре бастағанда, біз екі МТЗ тракторын, өрт-сорғы станциясының үш мотопомпасын тастадық, үйіндіні қосымша нығайттық, – деп түсіндірді департамент басшысы.
Аудан әкімдігінің бюджетінде төтенше жағдайлардың салдарын жоюға және шұғыл қажеттіліктерге қаражат бар. Рождественка ауылына шұғыл қажеттіліктерге, Даниловкада төтенше жағдайларға арналған резервті қолданды. Барлық туындаған мәселелерді Мәжіліс депутаттары бақылауына алды.
Фото: Константин Музалевский