11 облыста ауа райына қатысты ескерту жарияланды
11 облыста ауа райына қатысты ескерту жарияланды
453
оқылды
Қазгидромет Қазақстанның 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады. Түнде Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігіне тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігі мен батысына тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, күндіз облыстың оңтүстігінде және орталығында жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Ақтөбе қаласында түнде және таңертең дала тұманды болады. Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан 17-22 м/с жел соғады. Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде, ал күндіз оңтүстігі мен солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай ойнауы мүмкін. Семей қаласында шығыстан жылдамдығы 15-18 м/с болатын жел соғады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, күндіз облыстың шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, облыстың оңтүстік-шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Қостанай облысының шығысында тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде оның екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін. 8 сәуірде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында батыстан 15-20 м/с жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігіне тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғып, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Петропавл қаласында күндіз батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с жетуі мүмкін. Түркістан облысының таулы аймағында найзағай ойнап, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.