31 миллиард теңге қарастырылды
31 миллиард теңге қарастырылды
205
оқылды
Қаңтар оқиғасының салдарын жоюға қазынадан 31 миллиард теңге қаржы қарастырылады. Оның ішінде Алматы қаласы мен өзге өңірлерде зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілеріне 21 миллиард теңге жұмсалмақ. Бұл туралы Қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельева мәлімдеді. «Зақымдалған әкімшілік, әлеуметтік, коммуналдық нысандарды, инфрақұрылымдарды қалпына келтіруге 10 миллиард теңге бағыттау ұсынылады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, инфрақұрылымды қалпына келтіруге жалпы жиыны 22 миллиард теңге қажет. Оның 12 миллиард теңгесі Үкімет резервінен бұған дейін бөлінген. Қалған 37 миллиард теңге Үкімет резервінде қарастырылған. Құжаттар дайын болғанда бөлінеді. Алматы қаласындағы Президент резиденциясы мен ғимараттарды бұзуға 6 миллиард теңге бөлу жоспарланған», – деді вице-министр.

Ш.АТЫХАНҰЛЫ