Қаңтар оқиғасы кезінде күл-талқаны шыққан Алматыдағы Президент резиденциясын бұзуға 6 миллиард теңге қажет, – деп жазады LS.
Қаржы вице-министрі Татьяна Савельеваның айтуынша, Қаңтар оқиғасы кезінде талан-таражға түскен мүлікті қалпына келтіруге қазынадан 1,8 трлн теңге бөлінеді.
Ал қайта қалпына келтіргеннен бұзып тастау шығыны аз делінген Алматыдағы Президент резиденциясын бұзуға кететін шығын көлемі - 6 миллиард теңге.
Келешекте Алматыдағы Президент резиденциясының орнына саябақ салынады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматы қаласындағы Президенттің қызметтік резиденциясы бұзылатын болды. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады» деген болатын Президенттің баспасөз хатшысы.