Қаңтар қасіреті: Алматыдағы Президент резиденциясын бұзып тастау үшін 6 миллиард теңге қажет
Қаңтар қасіреті: Алматыдағы Президент резиденциясын бұзып тастау үшін 6 миллиард теңге қажет
Фото: aikyn.kz
179
оқылды
Қаңтар оқиғасы кезінде күл-талқаны шыққан Алматыдағы Президент резиденциясын бұзуға 6 миллиард теңге қажет, – деп жазады LS. Қаржы вице-министрі Татьяна Савельеваның айтуынша, Қаңтар оқиғасы кезінде талан-таражға түскен мүлікті қалпына келтіруге қазынадан 1,8 трлн теңге бөлінеді.
Ал қайта қалпына келтіргеннен бұзып тастау шығыны аз делінген Алматыдағы Президент резиденциясын бұзуға кететін шығын көлемі - 6 миллиард теңге.
Келешекте Алматыдағы Президент резиденциясының орнына саябақ салынады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматы қаласындағы Президенттің қызметтік резиденциясы бұзылатын болды. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады» деген болатын Президенттің баспасөз хатшысы.
Бұған дейін отқа оранып, қаңқасы қалған тағы бір маңызды нысан - Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратына келген шығын көлемі 20 миллиард теңге екенін қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров айтқан еді.