Солтүстік Қазақстан облысындағы төрт мектепке Алаш зиялыларының есімі берілді
Солтүстік Қазақстан облысындағы төрт мектепке Алаш зиялыларының есімі берілді
©kaz.orda.kz
642
оқылды
Бұл туралы Мәжіліс депутаты, ақын Жанарбек Әшімжан Facebook парақшасында жариялады. Оның айтуынша, Үкімет қаулысымен Солтүстік Қазақстан облысындағы төрт мектепке қазақ зиялыларының есімі берілген. Атап айтсақ: 1) Петропавл қаласы білім бөліміне қарасты №25 орта мектепке Әлихан Бөкейхан есімі; 2) Петропавл қаласы білім бөліміне қарасты №2 орта мектепке Смағұл Сәдуақасұлы есімі; 3) Петропавл қаласы білім бөліміне қарасты №9 орта мектепке Ахмет Байтұрсынұлы есімі; Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне Қажымұқан Мұңайтпасұлы есімі берілсін» делінген үкімет қаулысында. Құжат алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.