Бұл туралы Мәжіліс депутаты, ақын Жанарбек Әшімжан Facebook парақшасында жариялады.
Оның айтуынша, Үкімет қаулысымен Солтүстік Қазақстан облысындағы төрт мектепке қазақ зиялыларының есімі берілген. Атап айтсақ:
1) Петропавл қаласы білім бөліміне қарасты №25 орта мектепке Әлихан Бөкейхан есімі;
2) Петропавл қаласы білім бөліміне қарасты №2 орта мектепке Смағұл Сәдуақасұлы есімі;
3) Петропавл қаласы білім бөліміне қарасты №9 орта мектепке Ахмет Байтұрсынұлы есімі;
Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне Қажымұқан Мұңайтпасұлы есімі берілсін» делінген үкімет қаулысында.
Құжат алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.