Тараздық тұрғын 450 мың теңгеге шоколад алып, алаяққа алданып қалған
Тараздық тұрғын 450 мың теңгеге шоколад алып, алаяққа алданып қалған
©.tengrinews.kz
184
оқылды
Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Олардың мәліметінше, 59 жастағы тараздық азамат белгісіз біреу өзін 450 мың теңгеге алдағаны жайында полицияға шағым түсірген. Жәбірленушінің сөзінше, "Қазақстан" шоколадының 1000 данасына белгісіз біреу тапсырыс берген. Сөйтіп, ол тапсырысты төлеместен, шоколадты алып, белгісіз бағытта қашып кеткен. Жәбірленуші зардап құнын 450 000 теңгеге бағалап отыр. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Күдікті Жамбыл ауданына қарасты Аса ауылының 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдіктіге қатысты Қылмыстық Кодекстің 190-бабы, 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.