Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Қазақ қызы Лос-Анджелесте балаларға қазақ тілін оқытып жүр

Назгүл Ержанқызы Назгүл Ержанқызы
Сәуір 8, 2022
Лос-Анджелес

©inform.kz

68
қаралым

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Әсел Әбілдаева Лос-Анджелес қаласындағы Оңтүстік Калифорния университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп жүр. Ол бос уақытында Qazaq Community California аясында балаларға Қазақстан тарихы мен қазақ тілін оқытып жүр.

«Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының мәліметінше, Әсел балаларға арналған оқу бағдарламасын әзірлеген. Ол  сабақтарында геймификация элементтерін белсенді қолдана отырып, қазақ тілін жеңіл әрі қызықты етуде.

«Менің ойымша, шетелде тұратын отандастарым, әсіресе балалар ана тілін, мәдениетін, халқының тарихын білуі керек. Балалар қазақ тілін, еліміздің тарихын қуана оқиды. Мен оларға ұлы бабаларымыз, хандарымыз, батырларымыз туралы әңгімелеймін және қазақ жазушыларының, ақындарының, ғалымдарының өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстырып отырамын. Көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, ғалым-реформатор, қазақ тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында балалармен бірге таныстырылым өткізіп, ұлт ұстазының Қазақстан тарихындағы орны туралы әңгімелестік», – дейді «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Әсел Әбілдаева.

Қазір Әсел 7-12 жас аралығындағы 40-қа жуық баланы оқытып отыр. Балалар аз ғана уақыттың ішінде ана тілінде сөйлеу мен жазуды меңгеріп үлгерді. Балалар ана тілінде бір-бірімен пікірлесіп, өз ойын жеткізе алады.

«Лос-Анджелес қаласында тұратын қазақ балалары ұлттық салт-дәстүрге, тарихи отанына қатысты барлық ақпаратқа қызығады. Мен олардың бүкіл сұрақтарына жауап беріп, қазақ тіліне деген қызығушылығын одан әрі арттыруға тырысамын», – дейді Әсел.

 

Тегтер: ЖаңалықтарЛос-Анжелесоқушылар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері 50 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілініп отыр

Бауырлас екі ел арасында түсінбестік болған емес – Тоқаев

Синоптиктер маусым айында бірнеше облыста құрғақшылық болатынын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Садыр Жапаров «Ақ кемеде» қарсы алды – видео

Утильалымға артық төленген ақшаны қайтарып алу үшін не істеу керек?

AMANAT партиясының өкілдері Республикалық диагностикалық орталық ұжымымен кездесті

Смайылов биыл министрлердің халықпен кездесетін күнін белгілеп, кестесін бекітті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»