Елімізде 8 есірткі зертханасы жойылды
Елімізде 8 есірткі зертханасы жойылды
227
оқылды
ІІМ жыл басынан бері 8 есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Polisia.kz-тің хабарауынша, осы түзетулер қабылданған сәттен бастап бақылаудағы тізімдерге осындай 115 зат енгізілді. Заңнамаға түзетулер қабылданған сәттен бастап (2019 ж.) ішкі істер органдары 182 келі синтетика тәркілеп, 35 есірткі зертханасын жойды.
2022 жылы республика бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында 8 есірткі зертханасы жойылды. Қолдануға дайын 33 келіден астам есірткі, оның ішінде 14 келіден астам синтетикалық есірткі, 19 келі қарасора және 165 литр прекурсор – есірткі өндіруге қажетті заттар тәркіленді. Зертханалар ұйымдастырғаны үшін 16 адам ұсталды. Осылайша тек Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері үш жасырын есірткі өндірісі жойылды.