Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Қарғын суға төтеп бере алмады

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ
Сәуір 9, 2022
қарғын су
980
қаралым

Сәуір айының алғашқы күндері Қарағанды облысының шенділерін сынақ­тан өткізді. Олай деуіміздің себебі – нау­рыз айының аяғына қарай қар түсіп, боранның әлегінен соң, күн күрт жылыды. Қарағанды халқы абыр-сабыр күй кешіп отыр.

Мойындауымыз керек, Қарағанды қарғын суға төтеп бере алмады. Қаладағы ахуал қатты алаңдатып тұр. Әсіресе, «Гүлдер 1, 2» ықшамаудандарындағы Тәттімбет, Университет көшелеріндегі бірнеше көпқабатты үйдің жертөлесін су шайып кетті. «Күнгейдегі» үйлердің де жертөлелерін су басты. Тұрғындарға «толарсақтан су кешуге», ал жауапты органдарға себеппен емес, салдармен күресуге тура келді…

Еріген қар суының салдарынан Университет көшесіндегі үш қабатты үш үйде (36 пәтер) электр энергиясының тұйықталу қаупі пайда болды. Үй электр желісінен толық ажыратылды.

Тұрғындардың көпшілігі туыстарына кетті. 23 адам қонақүйге орналастырылды. Жауапты қызметтер үйлердің жертөлелерінен суды бұру және сору жұмыстарын жүргізуде. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек пәтер иелерімен кездесіп, ешкімді қиын жағдайда далаға қалдырмайтынына сендірді.

Сондай-ақ сейсенбі күні сағат 22.00-де қала іргесіндегі Жұмысшы ауылының 8 ауласын су басты. Майқұдықтағы Молдавская көшесі №53 және №55 үйлердің жанындағы екі бөгетті су шайып кетті. Сол маңайдағы тұрғын үйлерді де су басу қаупі туындады.

– Адамдардың қауіпсіздігі басты орында. Тұрғындар эвакуацияланды. Малдарын да қауіпсіз жерге жеткізді. Жағдай бақылауда. Жалпы, үйлердің су басу қаупін жоюға жергілікті атқарушы органдардың, жол және коммуналдық ұйымдардың, Қарағанды қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының күштері мен құралдары тартылды. Тұрғындардан дүрбелеңге бой алдырмауды және тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймын, – дейді қала әкімі Ермағанбет Бөлекбаев.

Жалпы, Қарағанды қаласының ғана емес, басқа да аудан-қалалардың ауласын су басу деректері тіркеліп жатыр. Барлығы 155 мың текше метр қар суы сорылды, сондай-ақ ұзындығы 2 500 метр арықтарды тазарту жүргізілді, 8 123 қап төселді, 560 метр уақытша бөгет салынды.

су басу

Бұқар жырау ауданының Алғабас ауылындағы аулаларды да тереңдігі 40 сантиметр болатын су басқан. Еріген қар суы мен Шиелі өзенінің арнасынан су шығу себебінен, Жастілек ауылында да осындай жағдай тіркелген. Сонымен қатар автожолдарды да су шаю деректері тіркеліп үлгерді. Қарқаралы ауданы Қоянды ауылынан 12 шақырым болатын «Қоянды–Егіндібұлақ–Бүркітті» облыс­тық маңызы бар тасжолын 2 сәуір күні су шайып кетті. Тасқынның ұзындығы 100-150 метрді, биіктігі 10-15 сантиметрді құрады. Алдыңғы күні жол төсемі шайылып кетіп, автожолдағы қозғалыс көліктің барлық түрлері үшін жабылды. Нұра ауданындағы Құланөтпес өзені де көтеріліп, Ақтөбе және Құланөтпес ауылдары арасындағы көлік қатынасы тоқтап тұр. Алдын ала азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткілікті жеткізіліпті. Аталған өңірді су басу қаупі жоқ. Сонымен қатар Ұлытау ауданы Қорғасын ауылына кіреберіс жолды да су шайып кетті. Нұра ауданындағы Қайнар Амантау жолын су шайып, жолаушылар дала жолымен қатынауда. Ал республикалық маңызы бар «Нұр-Сұлтан–Нұра–Теміртау» тасжолының 257 шақырымында су тасқыны тіркелді. Жол қауіпсіздігінің ескерту белгілері қойылды. Осакаров ауданындағы облыстық маңызы бар «Литвинов–Тельман–Молодежный» 45 шақырымында да су жүріп өтті.

Ал Бұқар жырау ауданында «Қалқаман–Баянауыл–Керней–Өміркер» республикалық маңызы бар жолдың 28 шақырымында су жайылды, кезекшіліктің бақылауында, ескерту белгілері қойылды. Осы жолдан 7 шақырым әріректе қарғын су қарқыны үдеп, жолды опырып кетті.

Абай ауданының Қоянды–Сарепті жолынан да су жүріп өтіп, жол төсемі шайылды. Жаңаарқа ауданындағы облыстық маңызы бар «Қарағанды–Самарка–Атасу–Айнабұлақ» тасжолының 147 шақырымында су тасқыны болды. Ескертпе белгілері қойылды.

– Су шайған жолдарға жол қауіпсіздігінің ескерту белгілері қойылып, жауапты қызметкерлер кезекшілік атқаруда. Жолдарды қалпына келтіру жұмыстары еріген қар суының деңгейі төмендегеннен кейін жүргізіледі. Ал су басқан үйлердің эвакуацияланған тұрғындары үйлеріне қайтарылды. Су тасқынына қарсы жедел штаб тәулік бойы жұмыс атқарып жатыр. Барлық жағдай бақылауда, күштер мен құралдар жеткілікті, тұрғын үйлерді су басып кетпеу, іргелес аумақтардағы суды жедел ағызу үшін барлық қажетті шаралар қабылданып отыр. Сонымен қатар барлық ата-аналардан балалардың үйден шығуын, қар еруі аяқталғанға дейін қараусыз жүруін шектеуді сұраймын. Оларға судың жанында ойнауға қатаң тыйым салу қажет. Қалада және барлық елді мекендерде көптеген арна бар. Қазір олар суға толы. Осыны ескерсеңіздер, – дейді Мұрат Қасенұлы.

Қарағанды облысы

Тегтер: қар суыҚарағанды облысықарғын сусу басты

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлдарыңыз өзіңізден асып түссін! – Гүлнұр Оразымбетова күйеуін құттықтады

Ақтөбеде 48 жастағы тұрғын қарасора өсіретін зертхана ұйымдастырған

Алматылықтарға демалыс күндері сыртқа шықпау ескертілді

Талдықорғанда жаппай төбелес болып, күзетші соққыға жығылды

Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған күдіктіге іздеу жарияланды

Ертіс өзенінен әйелдің денесі табылды

Қарағандыда 54 миллион теңгенің рельсі ұрланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»